Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық бөлімінің басшысы, санаты C-O-4, 1 бірлік, № ОЖМИОХ-1.

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары (биология)
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Табиғат қорғау заңнамасын сақтауды және жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бақылауды қамтамасыз ету. Жануарлар дүниесі ресурстарын ұтымды пайдалануға бақылау, оның биологиялық әртүрлілігін сақтауды қамтамасыз ету. Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін дұрыс орындауларына басшылық ету және бақылау. Комитет және инспекция басшылығы  белгілейтін өзге де өкілеттікті орындау. Бекітіліген стандарт пен регламент бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Сот, қылмысты қудалау органдарында бөлім қызметінің мәселелері бойынша инспекция мүдделерін ұсыну. Стандарттарға және регламенттерге сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және ұсынуға бақылау қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылаудың ішкі аудитіне талдауды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.08.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.08.2021 – 16.08.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-12-92