Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы, санаты C-4, 1 бірлік, №УЖМИОХ-3
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Экономика
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Ветеринарлық медицина
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғауды, өсімін молайтуды және пайдалануды, бақылаудағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылығын дамыту саласындағы бағдарламаны, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және ұсыныс енгізеді. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың жасанды өсіруі жөніндегі мәселелерд қарастырады. Зоологиялық коллекцияларды, тәлімбақтарды есепке алу жұмыстарын жүргізеді. Қар барысын сақтау жұмысын ұйымдастырады. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының және Каспий теңізінің солтүстік жағындағы мемлекеттік қорық аймағының қызметіне жетекшілік етеді. Республикалық аңшылардың қоғамдық қауымдастығымен және аңшылық шаруашылығы субъектілерімен және оны аккредиттеумен өзара әрекеттеседі. Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілері бойынша жұмысты іске асырады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен облыстық аумақтық инспекцияларының қызметін үйлестіреді және практикалық көмек көрсетуді, әдістемелік басшылық етуді қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді.
-
8 (7172)-74-12-92