ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, 2 бірлік, № УРЛХ-2, УРЛХ-6

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Ормандардың мемлекеттік мониторингі, орман қорының есебі мен кадастры, орман орналастыру, статистикалық есептілік, орман шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде орман шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламалар, жобалар мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және Операциялық жұмыс жоспарларын дайындауға, олардың орындалуы бойынша есептілікті ұсынуға қатысады. Ормандардың мемлекеттік мониторингі, орман қорының есебі мен кадастры, орман орналастыру, статистикалық есептілік, орман шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттама бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды. Орман орналастыруды жүргізу жоспарларын жасайды,  «Қазорманжоба» РМҚК орман орналастыру жұмыстары мен іс-шараларының сапасын бақылайды. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жұмыстарын, орман қорының мемлекеттік мониторингін, есебін және кадастрын жүргізуді қамтамасыз етеді. Орман орналастыру жобаларын қарауды және бекітуді қамтамасыз етеді. Орман орналастыру процесіне цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Орман шаруашылығы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.07.2021 – 28.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172)-74-12-92