Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік)
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Орман пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде орман шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Орман пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамалар бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды. Орман пайдалану бойынша есептілікті жинауды, жинақтауды және талдауды ұйымдастырады. Облыс әкімдіктерінің орман мекемелері мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларына, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларына, табиғат қорғау мекемелеріне орман пайдалану мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Комитетке бекітуге ұсынылған басты, аралық пайдалану және басқа да кесу бойынша кесу көлемі, олардың орман орналастыру жобаларына, кесу ережелері мен санитарлық ережелерге сәйкестігі бойынша қорытынды дайындайды және ұсыныстар енгізеді. Комитеттің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендер ұйымдастырады. Қатаң есептілік бланкілері (ағаш кесу және орман билеттері) бойынша есептілікті дайындауды, есепке алуды, беруді және қабылдауды ұйымдастырады. Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу қағидаларының, ағаш кесу және сүректі түбірімен босату қағидаларының сақталуына, сондай-ақ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Мемлекеттік орман қоры аумағында дәрілік шөптерді дайындауды келісу бойынша қорытынды дайындайды және ұсыныстар енгізеді. «Жабайы тірі жануарлардың, жекелеген жабайы өсімдіктердің және жабайы өсетін дәрілік шикізаттың экспортына лицензиялар беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 08.06.2021
- қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44