Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін)

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрі-ЕҚТА) мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік – техникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде ЕҚТА жүйесін дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. ЕҚТА жерлерін және мемлекеттік табиғи-қорық қорының (бұдан әрі-МТҚҚ) объектілерін пайдалану бөлігінде ЕҚТА мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау, ғылыми, нормативтік – техникалық және өзге де құжаттама бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды. ЕҚТА жерлерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. ЕҚТА жерлерін босалқы жерге және босалқы жерден ЕҚТА жеріне ауыстыру жөніндегі материалдар мен құжаттарды қарайды және дайындайды. ЕҚТА туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастырады, ЕҚТА-ның мемлекеттік кадастрын жүргізеді, Республикалық маңызы бар МТҚҚ объектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді, жергілікті маңызы бар МТҚҚ объектілерінің тізбесін келісу бойынша қарайды және қорытындылар дайындайды. ЕҚТА мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. ЕҚТА құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады. Мемлекеттік қорық аймақтарын, зоологиялық қаумалдарды, зоологиялық парктерді, жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі мемлекеттік табиғи резерваттарды қоспағанда, ЕҚТА мен күзет аймағын экологиялық-ағарту және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу; заңды тұлға мәртебесі бар ЕҚТА құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды реттеу бойынша жұмыс жүргізеді. ЕҚТА-ға МТҚҚ қалпына келтіру бойынша ұсыныстарды, оның ішінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және енгізеді. ЕҚТА материалдық-техникалық жарақтандыру, ЕҚТА қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оқыту семинарларын ұйымдастыру және т.б. бойынша жұмыс жүргізеді. Әкімшілік органның Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға рұқсаттар беруін қамтамасыз етеді. ЕҚТА саласындағы ғылыми-техникалық кеңес секциясының жұмысын жүргізеді. ЕҚТА мәселелеріне қатысты жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және өткізуге қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 25.05.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.05.2021 – 03.06.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

07.06.2021

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-44