Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2024 жылғы 23 ақпанға дейін)
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Орман шаруашылығы саласындағы ормандарды қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде орман шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Ормандарды қорғау, орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамалар бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды.
Барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті, орман қорын пайдалану, орман шаруашылығын жүргізу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру, оларды есепке алу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының орман қорғау саласындағы заңнамасында көзделген өзге де қағидалар мен нормаларды сақтау мақсатында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында да жануарлар дүниесін молықтыру және пайдалану. Жылдық тексеру кестесін жасайды.
Орман өрттерін сөндіру, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Ормандарды өрттерден және заңсыз кесуден қорғау, оның ішінде ормандарды авиациямен күзету, сондай-ақ дала және орман өрттерімен күрес бойынша жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі жұмыстар мен іс-шараларды жоспарлайды және ұйымдастырады. Орман тәртібін бұзушылықтар, орман өрттері бойынша есептілікті жинауды, қорытуды және талдауды, сондай-ақ оларды орман иеленушілердің республикалық диспетчерлік қызметке ұсынуын және өрт және заңсыз ағаш кесу туралы жиынтық есептілікті Комитетке ұсынуын ұйымдастырады. Орман және табиғат қорғау мекемелерін өртке қарсы техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыруға талдау және мониторинг жүргізеді; мемлекеттік орман инспекциясына ұсыныстар енгізеді және оларды жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізеді. Облыстық аумақтық инспекцияларға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға орман шаруашылығы және Ормандарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Орманда өрт қауіпті маусымның басталу және аяқталу күнін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізеді. Ірі орман өрттері фактілері бойынша қызметтік тексеру материалдарын талдауды және жинақтауды, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Орман күзетін ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын және орман өрттерін сөндіру технологиясын зерделеу және енгізу бойынша жұмыс жүргізеді. Орман және табиғат қорғау мекемелерінде таңбалардың дайындалуына, бөлінуіне және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.06.2021
- қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44