ОШжЖДК Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Агрономия
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары (биология)
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрі-ЕҚТА) мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік – техникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде ЕҚТА жүйесін дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге қатысады. Басқарманың құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық және Операциялық жұмыс жоспарларын дайындауға, олардың орындалуы бойынша есептілікті ұсынуға қатысады. ЕҚТА мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамалар бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды. ЕҚТА жүйесін, ЕҚТА құрылтай құжаттарын (ережелерді, жарғыларды, құрылымдарды) дамыту мәселелерінде бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысады. ЕҚТА құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, сондай-ақ мемлекеттік қорық аймақтарын, зоологиялық қаумалдарды, зоологиялық парктерді, жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі мемлекеттік табиғи резерваттарды қоспағанда, шешімдердің тиісті жобаларын дайындайды. ЕҚТА саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, ЕҚТА сақтау және орнықты даму саласындағы, оның ішінде халықаралық гранттар мен қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалардың жұмысын үйлестіреді. Тиісті жылға бюджеттік өтінімді дайындауға, мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша құжаттарды дайындауға қатысады.
ЕҚТА Басқармасының жоспарларын қарайды. ЕҚТА-ны басқарудың экономикалық нысандары мен әдістерін жетілдіруге, табиғат қорғау мекемелерінің ақылы қызметтеріне тарифтерді қарауға қатысады. Табиғат қорғау мекемелерінің меншікті қаражатының қалыптасуы мен жұмсалуын бақылайды.
Комитеттің қарамағындағы ЕҚТА паспорттарын әзірлейді, оларды тіркеуді (қайта тіркеуді) қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік қорық аймақтарын, зоологиялық қаумалдарды, зоологиялық парктерді, жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі мемлекеттік табиғи резерваттарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар ЕҚТА паспорттарын келісу, табиғат қорғау ұйымының рәміздерін бекіту бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді.
ЕҚТА мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. ЕҚТА-ның табиғи кешендері мен объектілерін қорғау жөніндегі, оның ішінде ЕҚТА-да өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ЕҚТА инспекторлық құрамының жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады. ЕҚТА мәселелеріне қатысты жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және өткізуге қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.05.2021
- қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44