ОШжЖДК Орман шаруашылығын дамыту басқармасының сарапшысы, 1 единица

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-5

Орташа лауазымдық айлықақы

104058 - 140691

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Функционалды міндеттер

Орман пайдалану, ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Орман пайдалану, ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамалар бойынша қорытындыларды қарайды және дайындайды.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне (бұдан әрі – Комитет) бекітуге ұсынылған басты, аралық пайдалану және басқа да кесу бойынша кесу көлемі бойынша қорытынды дайындайды және ұсыныстар енгізеді. Ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға және қысқа мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерге материалдар мен құжаттарды қарайды.

Басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және басқа да ағаш кесуді, оның ішінде халықты отынмен қамтамасыз ету үшін ағаш кесуді жүргізу кезінде алынған сүректі өңдеуден алынған тауарлар мен өнімдерді, сондай-ақ жанама орман пайдалану өнімдерін қайта өңдеу және сүректі қайта өңдеу бойынша қызметтер көрсету, Комитеттің қарамағындағы орман және табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын қалыптастыру мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді.

Комитеттің құзыреті шегінде ТМД орман өнеркәсібі және орман шаруашылығы жөніндегі үкіметаралық кеңестің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Кеспеағаштарды бөліп беру мен мөлшерлеу, ағаш кесу және сүректі түбірімен босату, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі қағидалардың сақталуына, орман қоры учаскелерінің ғылыми-зерттеу, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтарында, жанама орман пайдалануда пайдаланылуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.

Сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде объектілер салуға арналған эскиздерді (эскиздік жобаларды) келісу бойынша жұмыс жүргізеді. Орманды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын есептеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. "Ормандардың жай-күйі мен молықтырылуына әсер ететін объектілер салынатын орындарды келісу" мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.04.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.04.2021 – 11.05.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

14.05.2021

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

74-99-44