Орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы (уақытша 5.08.2023 ж дейін), 1 бірлік, «Қарағанды облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы»
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қарағанды облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орман шаруашылығы
- Биология
- География
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Туризм
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын; орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдарының орман қорларын қорғау, күзету және пайдалану, ормандарды жаңарту және орман өсіру мәселелері бойынша үйлестіру және әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланудың төлем мөлшерлерінің (түбінен кесілетін ағаш сүректерін босатудан басқа) жобасын келісу. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын сәйкестігін тексеру арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Құрылымдылық бөлімше ережесі және лауазымдық нұсқаулық бойынша басқа да талаптарды орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 07.04.2021
- қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44