Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы ОШжЖДК ҚРЭГжТРМ, 1 бірлік
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Ветеринарлық медицина
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Бағыныстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесі ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді.
Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметін тексеруді; жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастры мен мониторингін жүргізуді; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, аңшылық шаруашылықтарын дамыту саласында бюджеттік бағдарламалардың тақырыптарын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды; мемлекеттік табиғи қорық аймақтарын құру және кеңейту бойынша жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді; мемлекеттік табиғи қорық аймақтарының паспорттарын әзірлеуді және тіркеуді; табиғат пайдаланушылармен келісімдерді орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі белгілеген арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбалар барлауды жүзеге асыруды келіседі.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалануды ұйымдастырады.
Жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша облыстық аумақтық инспекцияларға практикалық көмек көрсетуді, олардың қызметін үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз етеді.
«Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының, «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттарының жұмысына жетекшілік етеді.
Заңнамаға сәйкес басқада өкілеттікті жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 31.12.2020
- қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44