Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК, 1 бірлік
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Ветеринарлық медицина
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Бағыныстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді.
Аңшылық ісін пайдаланатын жерлердің резервтік қорындағы жануарлар дүниесі қорғау, өсімін молайту, және мемлекеттік есебін қамтамасыз етеді және ұйымдастырады.
Бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алуға квоталар бөлуге келіседі.
Құқық қорғау органдары және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар бойынша іс-шараларды әзірлейді және ұйымдастырады.
Жануарлар дүниесін пайдаланушылардың жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметін тексеруді; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, аңшылық шаруашылықтарын дамытуда бюджеттік бағдарламаларды әзірлеуді; аңшылық шаруашылықтарын есепке алуды ұйымдастырады.
«Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының, «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттарының жұмысына практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Аңшыларды аңшылық минимум бойынша дайындау, Республикалық қауымдастығының аңшы куәлігін беруді ұйымдастырады. Жануарлар дүниесін мемлекеттік бақылау, қорғау және пайдалануды жүзеге асыру, браконьерлікпен күрес және аңшылық шаруашылығын дамыту мәселелері бойынша облыстық аумақтық инспекцияларға практикалық көмек көрсетуді, олардың қызметін үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз етеді.
Заңнамаға сәйкес басқада өкілеттікті жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.12.2020
- будет онлайн ВКС ZOOM
-
8 7172 74-99-44