Қаржылық және құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, 1 бірлік, «Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бухгалтерлік есепті жүргізу және Инспекцияның бухгалтерлік есептілігін жасау бойынша жұмыстарды орындау. Бюджеттік шоттағы қаржы қозғалысы және әкелінген тауарлар, қызмет көрсету немесе жұмыс үшін жеткізушілермен есеп айырысу бойынша құжаттарды рәсімдеп және жүйелеу. Жұмыс уақытын есепке алу табелін қабылдау, талдау және бақылау жасау және оларды есептік өңдеуге дайындау. Уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы парақтарды, ауру адамға күтім жасау жөніндегі анықтамалар және қызметкердің жұмыста болмау құқығын растайтын құжаттарды қабылдап және олпрдың дұрыс толтырылуын бақылау, оларды есептік өңдеуге, сондай-ақ белгіленген бухгалтерлік есептілікті жасау үшін дайындау. Есепке алудың сәйкес учаскелері бойынша бастапқы құжаттарды өңдеу (бұйрықтар, уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақтар, демалыстар). Инспекция қызметкерлерінің еңбекақыларын, демалыстарын және басқа да еңбекақы түрлерін есептеу және уақытында аудару, еңбекақы қорының жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Салықтарды, жарналарды және басқа да міндетті төлемдерді ұстау және уақытында аударуды жүзеге асыру. «Қазынашылық-Клиент», «ШҚО бойынша қазынашылық департаментіне» төлемге шоттарды, өтінімдерді, шарттарды қалыптастырып, сондай-ақ Инспекцияның қаржы қаражаттары қозғалысының есебін жүргізу. Қаржыландыру жоспарының уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік балансты жасау, қаржы қаражаттарының түсуі мен шығыны туралы жиынтық есептілікті жасау үшін мәліметтер дайындау. Дебиторлық және кредиторлық берешектер және оларды төлеу туралы ай сайынғы есептіліктерге мәлімет беру. «Салық төлеушінің кабинеті» бағдарламасында салық органдарына тоқсан сайынғы (Ф.200.00), (Ф.870) есепті жасау және уақытында ұсыну. Статистикалық есептілікті (Ф.1Т – еңбек бойынша есеп – тоқсан сайын, жылдық, Ф.1- инвест. ай сайын) жасау және статистика органдарына уақытында ұсыну. «Бас-журнал» кітабын жасауға қатысу. Үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдер жобасын әзірлеу үшін мәліметтер дайындап және бекітілген нысанға сәйкес есеп айырысуды жүзеге асыру. Негізгі құрал жабдықтарды және тауарлы материалдық қорларды есептен шығару бойынша комиссияларға қатысу. ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне белгіленген нысандағы есептіліктерді, тапсырмаларға, сұрау салуларға, хаттарға, азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштеріне жауаптарды дайындау. 1С:Кәсіпорын Мемлекеттік сектор бухгалтерлік есептің операциялық жүйесінде бухгалтерлік есеп операцияларын жүргізу. Айналым сальдолық тізімдеме және № 2,5 мемориалдық ордерлер. «Қазынашылық-Клиент» ИИС бағдарламасында есептілікті қалыптастыру. Мемлекеттік қызметшілердің декларация тапсыруы үшін еңбекақы туралы, табыстары мен ұсталынымдары туралы анықтамалар беру. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу. Орман және орман кесу билеттері бланкілерінің кіріс және шығыс есебін жүргізу. Заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысу. Бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша Инспекция қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету. Инспекция мұрағатына тапсыру үшін құжаттарды дайындау. Бастапқы құжаттардың, бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржы есептіліктерінің сақталуын қадағалау, мұрағатқа тапсыру үшін оларды ресімдеу. Инспекция басшысының басқа да тапсырмаларын орындау. Сырқаттану немесе басқа себеп бойынша жұмысқа шықпай қалған кезде кідіртпей бөлім басшысына ескерту. Орындалатын жұмыстың пән саласын білу, лауазымдық нұсқаулықтарды нақты және уақытында орындау, жұмыста бастамашылық пен табандылық көрсету, өз кәсіптік біліктілігін жетілдіру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және орындалатын жұмыстың пән саласын реттемелеуші басқа да нормативтік құқықтық актілерді оқу және білу. Орындалатын жұмысқа ескертулер мен негізделген кінәраттарды тез арада жоюды қамтамасыз ету. Лауазымдық нұсқаулықтарды орындауға мүмкіндік бермейтін немесе қиындатататын штаттан тыс жағдайлар немесе мәселелер туған жағдайда кідіртпей басшыны хабардар ету. Жұмыс орнында техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері бойынша кіріспе нұсқамалықтан өту, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер және нұсқаулықтармен белгіленген талаптарды, ішкі тәртіп ережелерінің талаптарын сақтау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.12.2020
- қашықтық бейнебайланыс құралы (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44