ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Өзінің құзыреті шегiнде ҚР заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріне талап ету жұмыстарын жүзеге асыруда әдістемемен көмек көрсету; сот жұмыстарын қарастырудағы нәтижелерді талдау және жалпылау жұмыстарын ұйымдастыру; қолданыстағы заңнаманың өзгерістері туралы Комитет қызметкерлерінің ақпараттандырылуын қамтамасыз ету; лауазымдық тұлғалардың өз қызметіне сай нормативтік құқықтық актілерді оқып білу жұмыстарын ұйымдастыру; мемлекеттік органдарда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мәселелері бойынша құқықтық нормативтік жобаларының келісім рәсімдерін уақытылы өткізілуін ұйымдастыру;
Комитеттің бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, ережелеріне және басқа да құқықтық сипаттағы актілеріне құқықтық сараптаманы жүзеге асыру; орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолдану; басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 29.10.2020
- қашықтық бейнебайланыс (ZOOM) арқылы өтеді
-
8 7172 74-99-44