Бұқтырма инспекциясы бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты), «ЭГжТРМ ОШжЖДК Шығыс-Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Биология
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий
  • Жаратылыстану ғылымдары: география
  • Білім: география

Функционалды міндеттер

Бөлімді басқаруды жүзеге асыру, бақылауындағы аумақтарда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы, орман заңнамасының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнама талаптарының сақталуына  мемлекеттік бақылау мен қадағалауды  жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалармен Аң аулау және балық  аулау ережелерінің сақталуына, жеке және заңды тұлғалардың  Балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерін орындауына,  пайдаланушылардың балық, аңшылық шаруашылығын жүргізу жөніндегі шарт талаптарын орындауына, жануарлар дүниесін  пайдалануға белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуына, жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды, будандастыруды және жерсіндіруді жүзеге асыру тәртібінің сақталуына, балықтың қырылу қауіпі бар  су айдындарында және (немесе) телімдерінде интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыруды  жүргізу мақсатымен  бақылаушылық аулауды жүзеге асыру тәртібінің орындалуына; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуына, жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайда, сондай-ақ зоологиялық коллекциялар ұстау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өзіне бағынысты инспекторлық құрамның Балық аулау, Аң аулау ережелерін және орман заңнамасы талаптарын бұзушыларға  бастапқы құжаттамаларды дұрыс және уақытында толтыруын бақылауды жүзеге асырады. Заңда белгіленген тәртіпте  әкімшілік жаза салу, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасын бұзу нәтижесінде жануарлар дүниесіне келтірілген  зиянды өндіріп алу туралы жеке және заңды тұлғаларға талап арыз беру. Іс қағаздарын жүргізуге, ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындау және тапсыру үшін құжаттарды қалыптастыруға бақылауды жүзеге асыру.  Белгіленген  нысанда «Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-ге есептіліктерді, тапсырмаларға, сұрау салуларға, хаттарға, азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштеріне  жауаптар дайындау. Құқық қорғау және табиғат қорғау органдарымен бірге балық ресурстарын қорғау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу, оның орындалуын қамтамасыз ету.  Инспекция басшысының нұсқауымен жедел балық қорғау іс-шараларына қатысу.  Алынып қойылған аулау құраларының, жүзу және басқа көлік құралдарының сенімді сақталуын қамтамасыз ету.  Бас Прокуратураның балықты және басқа су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы  жеке кәсіпкерлік  субъектілерді тексеру жоспары бойынша  тексерістер жүргізу және бақылауды жүзеге асыру.  Жануарлар дүниесі объектілерін қорғау және сақтау бойынша тұрғындар арасында үгіт жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.  Бөлімнің инспекторлық құрамымен қолданыстағы табиғат қорғау, әкімшілік заңнамаларды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді зерделеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.  Бөлім жұмысының  жылдық жоспарын жасау және орындау, сондай-ақ  бөлімнің есебін жасау және уақытында тапсыру.  Өзіне бағынысты бөлім қызметкерлерінің орындаушылық тәртіпті және еңбек тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асыру.  Еңбек қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарды сақтау.  Қаржылық және құқықтық жұмыс бөліміне  аурулығы туралы парақтар, жол қағаздары, іссапар куәліктері, жұмыс уақытының табелі және басқа бөлімнің өндірістік қызметіне қатысты бастапқы құжаттарды уақылы толтыру және тапсыру; Кадрларды есепке алу жөніндегі маманға  бөлімнің бағынышты қызметкерлеріні дербес мәліметтерінің өзгерістерін хабарлап отыру.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдау. Мемлекеттік қызметшілердің  әдеп кодексін сақтау.  Инспекция басшылығының тапсырмасымен  қолданыстағы заңнамада көзделген басқа да міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 30.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

01.10.2020 – 05.10.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

қашықтық бейнебайланыс (ZOOM) арқылы өтеді

Анықтама алу үшін байланыс

74-99-44