Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы, 1 бірлік, "Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Түркістан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бөлімді басқаруды жүзеге асыру. Ормандарды мемлекеттік есепке алу, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман қоры жерлері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша құжаттануды жүргізуді қамтамасыз ету. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметі бойынша есебін алу және есеп беруді ұйымдастыру, сондай-ақ орман орналастыру материалдарына және орман қорының есеп кітабына өзгерістер енгізу. Орман және жануарлар дүниесін қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік мекемелерімен басты, аралық және өзге де мақсаттарда пайдалануда кеспеағаштарды белгілеу бойынша іс шаралардың орындалуларына тексеруді жүзеге асыру, орманды түбірінен босату, ормандарда өртке қарсы алдын алу шаралары бойынша, ормандарды өрттен, заңсыз кесулерден және басқа да заң бұзушылықтардан қорғауға, оларды зиянкес жәндіктерден және аурулардан қорғалуына, орман ресурстарының өсімін молайту және орманды молықтыруға бақылау жасау. Шөп шабу мен мал жаю және басқа да мемлекеттік орман қоры жерлерін пайдалану түрлері бойынша тексерістерді жүзеге асыру. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнамалары бұзушылықтарын жою, сондай-ақ шаруашылық қызметті тоқтату туралы ұйғарым беру. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы саласында облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерді ұйымдастыру және оған қатысу. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау. Төтенше ақпарат түскен жағдайда жедел шара қолдану.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 16.09.2020
- Түркістан қ, Тәуке хан 164 а
-
8 7172 74-99-29