ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасындағы СИТЕС Әкімшілік органының рұқсаттарын беруді және есепке алуды, сақтауды жүзеге асырады. Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу мәселелерін қарайды.

Комитет және оған бағынысты ұйымдар бойынша мемлекеттік қызмет көрсету аясында жинау мен бақылауды, мониторинг жасауды жүзеге асыру.

Аңшылық шаруашылықтарын дамыту, қорық аймақтары мен қаумалдар, мемлекеттік табиғи резерваттарды қорғау, жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану, мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Комитеттің бағынысты ұйымдары мен облыстық аумақтық инспекцияларының қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау, практикалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. 

Заңнамаға сәйкес басқада өкілеттікті жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2020 – 10.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, № 8 үй, 1 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29