ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Ветеринарлық медицина
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйіне мемлекеттік бақылау, қадағалауды жүзеге асырады.

Аңшылық шаруашылығын дамыту, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы бағдарламаны әзірлеу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныс енгізеді және қатыса алады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлейді. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерінің жасанды өсіру жөніндегі мәселелерді, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалармен  жөніндегі материалдарын қарайды . Зоологиялық коллекцияларды тұқымбақтардағы есепке алу жұмыстарын жүргізеді.Жануарлар дүниесіне мониторинг және кадастр мемлекеттік есеп жүргізеді 

 Ғылыми-техникалық Кеңес Комитетінің (ҒТК) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі секция отырысының жоспары мен жұмысын, және оның іске асырылуына бақылау жұмысын ұйымдастырады.   «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының,және Каспий теңізінің солтүстік мемлекеттік қорық  аймағында қызметіне жетекшілік етеді. ЕвроАзиялық экономикалық Одақпен құқықтық номалар бойынша жұмыс жүргізеді  Жануарлар дүниесін реттеу және өсімін молайту мәселелері бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен облыстық аумақтық инспекцияларының қызметін үйлестіреді және практикалық көмек, әдістемелік басшылық жасауды қамтамасыз етеді. Заңнамаға сәйкес  басқа да өкілеттіктер атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.09.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.09.2020 – 10.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.09.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, № 8 үй, 1 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29