Оңтүстік-Батыс Алакөл инспекциясы бөлімінің басшысы, «ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Алматы облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлім жұмысын жоспарлау. Балық ресурстарын пайдалану, өсімін молайту және қорғау, жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалау, балық аулау, орман және аңшылық шаруашылығын жүргізу ережелерін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім шарттарын орындауын сақтауды, бақылау астындағы су қоймаларында балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларды ұйымдастыру және қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қызметін тексеруді жүзеге асыру. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы талаптардың сақталуын қадағалап бақылау жүргізу. Бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау, балық шаруашылығы субъектілерін жарты жылдық тексеру жоспарын дайындау, комитеттің және инспекцияның бақылауындағы жоғарыдан және басқа да мемлекеттік органдардан түскен құжаттарды, инспекцияның аппараттық кеңесінің шешімдерін, іс-шаралар жоспарын, басшылықтың тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 11.09.2020
- Алматы облысы, Талдықорған қ, Ақ қайын к-сі, 1
-
8 7172 74-99-29