Қостанай инспекциясы бөлімінің бас маманы – мемлекеттік инспектор, 1 бірлік, «ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Қостанай облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқық
- Орман шаруашылығы
- Балық шаруашылығы
- Ветеринария
- Құқықтану
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Бөлімнің ережесіне және жұмыс жоспарына, жануарлар дүниесін қорғау бойынша құқық қорғау, басқа да органдармен жасалған бірлескен іс-шаралар жоспарларына сәйкес қызмет атқару. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша өндіріс жүргізу, сауалдар, тапсырмалар, хаттарға жауап дайындау; құқықбұзушылық анықтау бойынша жануарлар дүниесімен пайдаланушылардың қорықшылық қызметімен әрекеттесу; бекітілген су тоғандарында, сонымен қатар аншылық алқаптармен мемлекеттік орман қорында жануаралар дүниесін қорғау, молайту және пайдалану саласында нәтижелі мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізілуіне қажетті іс-шараларды ұйымдастыру. Тексерістерді жоспарлау, есептеу және бақылауды жүргізу. Аң, балық шаруашылығын жүргізу, аңшылық және балық аулау қағидаларының сақталуына, жеке және заңды тұлғалардың аң және балық шаруашылығын жүргізу шартының талаптарын орындауына, балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн акваөсіруді дамыту үшін пайдалану бойынша қағидаларының сақталуына; белгіленген шектеулер мен тыйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады. Есептерді дайындау және тапсыру. Өз құзыреті шегінде Инспекция басшысының басқа да тапсырмаларын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 18.09.2020
- «Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ Қостанай қаласы, Н.Назарбаев данғ 85А үй
-
8 7172 74-99-29