Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру басқармасының бас сарапшысы, уақытша 12.05.2023 жылға дейін (С-4 санаты, 1 бірлік) ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту, оның ішінде аквакультура саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға, салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; балық ресурстарының өсімін молайту мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламаларға негіздеме әзірлеу, балық ресурстарына келтірілетін, келтірілген, болмай қоймайтын зиянды өтеу мәселелері бойынша шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыратын субъектілермен әзірленетін техника-экономикалық негіздемелерді және жоба-сметалық құжаттарды қарастыру; су айдындарды балықтандыру, жаңа балық түрлерін жерсіндіру, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібінің орындалуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; интродукция , реинтродукция, бағалы, сирек және құрып кету қаупі төніп тұрған балық түрлерін жасанды өсіру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 03.09.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.09.2020 – 14.09.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

17.09.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 1 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29