Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

317 807

Жалпы біліктілік талаптары

   С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:       

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Биология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Өсімдік қорғау және карантин

Функционалды міндеттер

Барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген орман қорын пайдалану тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру, оларды есепке алу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында көзделген өзге де қағидалар мен нормаларды сақтауы мақсатында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру. Жылдық тексеру кестесін жасау. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұзушылықпен күресу, орман өртін өшіру бойынша қабылданған шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу. Ормандарды өрттен және заңсыз ағаш кесуден күзету, сондай-ақ дала және орман өрттеріне қарсы күрес бойынша жедел-тактикалық жаттығуларды өткізу бойынша жұмыстар мен іс-шараларды жоспарлау және жоспарлау. Орман тәртібін бұзушылықтар, орман өрттері бойынша есептілікті жинауды, қорытуды және талдауды, сондай-ақ оларды орман иеленушілердің Республикалық диспетчерлік қызметке ұсынуын және өрт және заңсыз ағаш кесу туралы жиынтық есептілікті Комитетке ұсынуын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман және табиғат қорғау мекемелерін өртке қарсы техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыруға талдауды және мониторингті жүргізеді және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Орман шаруашылығы және ормандарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша облыстық аумақтық инспекцияларға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Орманда өрт қауіпті маусымның басталу және аяқталу күнін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу. Ірі орман өрттері фактілері бойынша қызметтік тексеру материалдарын талдауды және жинақтауды, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Орман күзетін ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын және орман өрттерін сөндіру технологиясын зерделеу және енгізу бойынша жұмысты жүргізу. Орман және табиғат қорғау мекемелерінде таңбалардың дайындалуына, бөлінуіне және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Сирек кездесетін биологиялық объектілерді қорғауға байланысты барлық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу. Орман қоры жерлерін алып қою, ауыстыру және пайдалану мәселелері, оның ішінде мемлекеттік шекараларды деморкациялау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамалар бойынша қорытындыларды қарау және дайындау. Орман қорының аумағында орман қорының жерлерін, суларды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану бөлігінде орман қорын пайдалануды реттеуді және бақылауды жүзеге асыру. Облыстық аумақтық инспекцияларға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға орман қорының жерлерін пайдалану мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету. «Мемлекеттік орман қорында орман шаруашылығын жүргізуге және орман пайдалануға байланысты емес жұмыстарды жүргізуге келісім беру» мемлекеттік қызметін көрсету

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.09.2025 – 23.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 МБ

Сұхбаттасу күні

25.09.2025

Сұхбаттасу орны

онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-07-10