Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Мемлекеттік бақылау, орманды қорғау және сақтау басқармасының басшысы
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
422437
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Биология
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
Функционалды міндеттер
Барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген орман қорын пайдалану тәртiбiн, орман шаруашылығын жүргiзу, оның ішінде ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман өсіру, оларды есепке алу қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасында көзделген өзге де қағидалар мен нормаларды сақтауы мақсатында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру. Жылдық тексеру кестесін жасау. Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұзушылықпен күресу, орман өртін өшіру бойынша қабылданған шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу. Ормандарды өрттен және заңсыз ағаш кесуден күзету, сондай-ақ дала және орман өрттеріне қарсы күрес бойынша жедел-тактикалық жаттығуларды өткізу бойынша жұмыстар мен іс-шараларды жоспарлау және жоспарлау. Орман тәртібін бұзушылықтар, орман өрттері бойынша есептілікті жинауды, қорытуды және талдауды, сондай-ақ оларды орман иеленушілердің Республикалық диспетчерлік қызметке ұсынуын және өрт және заңсыз ағаш кесу туралы жиынтық есептілікті Комитетке ұсынуын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман инспекциясы орман және табиғат қорғау мекемелерін өртке қарсы техникамен және жабдықтармен материалдық-техникалық жарақтандыруға талдауды және мониторингті жүргізеді және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді. Орман шаруашылығы және ормандарды қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша облыстық аумақтық инспекцияларға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету. Орманда өрт қауіпті маусымның басталу және аяқталу күнін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу. Ірі орман өрттері фактілері бойынша қызметтік тексеру материалдарын талдауды және жинақтауды, сондай-ақ орман шаруашылығы саласындағы заңнаманы бұзушылықтар туралы ақпараттық деректер банкін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Орман күзетін ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын және орман өрттерін сөндіру технологиясын зерделеу және енгізу бойынша жұмысты жүргізу. Орман және табиғат қорғау мекемелерінде таңбалардың дайындалуына, бөлінуіне және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру. Сирек кездесетін биологиялық объектілерді қорғауға байланысты барлық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басшылықтың бұйрықтарын, өкімдерін, тапсырмаларын, жоспарлы және біржолғы тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау; басқарма басшысының, Комитет басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
klhjm@ecogeo.vog.kz
- Астана қ,Мәңгілік Ел к.8, 16 кіреберіс
-
74-03-85 анықтама телефоны