Төмен-Іле инспекциясы бөлімінің басшысы , 1 бірлік, ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Алматы облысы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Орман шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде бөлім жұмысын ұйымдастыру, бөлім жұмысын жоспарлау. Балық ресурстары және басқа да су жануарларын пайдалануын, өсімін молайту және қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, бақылау астындағы су қоймаларында балық ресурстары және басқа да су жануарларын қорғау үшін рейдтік шараларды ұйымдастыру және қатысу. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қызметін тексеруді жүзеге асыру. Бақылау-инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау және ұсыну. Балық шаруашылығы субъектілерін жарты жылдық тексеру жоспарын дайындау. Браконьерлікпен және зиянды жыртқыштармен күресті ұйымдастыру,  ЕҚТА, жануарлар дүниесін қорғу, өсімін молайту және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік және басқа да органдардан сұрастыру және алу.  Инспекция атынан талапкер ретінде соттарға қатысу. Орман,  шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы саласында облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Бөлімнің жұмысына басшылық ету. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерді ұйымдастыру  және оған қатысу. Бөлімге бекітіліп берілген қызметтік авто және су көліктерінің сақтау, тек қызметтiк мақсатта пайдалану, уақытылы тіркеу және техникалық қарап-тексеруден (куәландырудан) өткізу. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген автокөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Арнайы дағдылар: облыстағы орман, жануарлар дүниесін басқару жүйесін білу,  компьютерде Word. Excel. E-mail бағдарламаларымен жұмыс істей білу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.08.2020 – 20.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.08.2020

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Талдықорған қ, Ақ қайын к-сі, 1

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29