Балық шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы – мемлекеттік инспектор, 1 бірлік, «ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
- Құқық
- Балық шаруашылығы
- Биология
- Құқықтану
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде балық ресурстарын пайдалану, өсімін молайту және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, балық аулау және балық шаруашылығын жүргізу ережелерін сақтау, жеке және заңды тұлғалардың балық шаруашылығын жүргізуге арналған келісім шарттарын орындауын сақтау, бақылау астындағы су қоймаларында балық ресурстары басқа да су жануарларды қорғау үшін рейдтік шараларды ұйымдастыру және қатысу. Балық қорларын және басқа да су жануарларының кадастрының және мониторингіне мемлекеттік есеп жүргізу. Балық аулауды реттеу, су іркуіш құрылыстарындағы балық қорының жағдайын ихтиологиялық бақылау, балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің төлқұжаттарын жүргізуді және су іркуіш құрылыстардың есебін жүргізу. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын анықтау мақсатында жануарлар дүниесін пайдаланушылар қызметін тексеруді жүзеге асыру. Бақылау инспекциялық қызмет бойынша есептерді белгіленген тәртіпте дайындау. Инспекция мен Комитеттің бақылауындағы жоғарғы тұрған және басқа да мемлекеттік органдардан, мемлекеттік қызметтер түсетін құжаттарды мезгілінде және сапалы орындау, Инспекцияның аппараттық кеңес шешімдерін, шаралар жоспарын, басшылық тапсырмаларын жүзеге асыру. Басшылық қойған басқа да міндеттерді орындау. Өзге де міндеттерді орындау көзделген құрылымдық бөлімше туралы ереже және лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 01.09.2020
- г.Петропавловск, улица К.Сутюшева 58.
-
8 7172 74-99-29