Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік, уақытша 12.05.2023 ж дейін) ҚР ЭГжТРМ ОШжЖДК

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту, оның ішінде аквакультура саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға, салалық бағдарламаларды, стратегиялық жоспарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; балық ресурстарының өсімін молайту мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламаларға негіздеме әзірлеу, Комитеттің ведомстволық бағынысындағы кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындау және шаруашылық қызметті жүзеге асыру бойынша  қызметтердің нәтижесі бойынша аналитикалық материалдарды дайындау; балық ресурстарына келтірілетін, келтірілген, болмай қоймайтын зиянды өтеу мәселелері бойынша шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыратын субъектілермен әзірленетін техника-экономикалық негіздемелерді және жоба-сметалық құжаттарды қарастыру; су айдындарды балықтандыру,  су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясы бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібінің орындалуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру; бағалы, сирек және құрып кету қаупі төніп тұрған балық түрлерін жасанды өсіру бойынша шараларды ұйымдастыру.  

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.08.2020 – 17.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

20.08.2020

Сұхбаттасу орны

город Нур-Султан, улица Мәңгілік ел, дом № 8, 1 подъезд

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29