Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының бас сарапшысы ҚР ОШжЖДК ЭГжТРМ, 2 бірлік

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Балық шаруашылығы
  • Құқықтану
  • Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
  • Ветеринарлық медицина
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Комитеттің жұмыс жоспары мен Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарының салалық бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстары тематикасы бойынша техникалық егжей-тегжейін ашуын (тапсырмаларын) әзірлеу, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және пайдалану саласындаға мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыру және (немесе) оған қатысу, Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бақылау-инспекциялық жұмысы және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін сақтауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесін пайдаланушылардың қорықшылық қызметі жұмысы, балық және басқа да су жануарларын аулау лимитін игеру, балық шаруашылығын дамыту жоспарының орындалуы, пайдаланушылармен шарттарды бұзу бойынша анықтамалық талдауды дайындау; балық шаруашылығы саласында халықаралық қатынастарды жүргізу; биологиялық негіздемелерді, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептерін, ғылыми ұйымдардың ұсыныстарын қарау, екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін бекіту бойынша конкурсқа дайындалу; жоғалу қаупі бар жабайы фауна және флора түрлеріне халықаралық сауда жүргізу жөнінде Конвенция бойынша әкімшілік органның шешім жобасының құжаттамаларын қарау және дайындау; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізуді және балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің аккредиттелінуін дайындау және өткізу бойынша іс-шараларды қарау және өзге де өкілеттікті жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.08.2020 – 06.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

10.08.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел к-сі, № 8 үй, 1 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-99-29