Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне 2027 жылғы 7 ақпанға дейін)

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Биотехнология
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы
  • Туризм

Функционалды міндеттер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрі –
ЕҚТА) мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтіктехникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде ЕҚТА жүйесін дамыту
жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге қатысу.
ЕҚТА жерлерін және мемлекеттік табиғи-қорық қорының (бұдан әрі-МТҚҚ)
объектілерін пайдалану бөлігінде ЕҚТА мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау, ғылыми, нормативтік – техникалық және өзге де құжаттама
бойынша қорытындыларды қарау және дайындау. ЕҚТА жерлерін пайдалануға
мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. ЕҚТА жерлерін босалқы
жерлерге және босалқы жерлерден ЕҚТА жерлеріне ауыстыру жөніндегі
материалдар мен құжаттарды қарау және дайындау. ЕҚТА туралы ақпараттық
деректер банкін қалыптастыру, ЕҚТА-ның мемлекеттік кадастрын жүргізу,
республикалық маңызы бар МТҚҚ объектілерінің тізбесі бойынша ұсыныстарды
қарау және енгізу, жергілікті маңызы бар МТҚҚ объектілерінің тізбесін келісу
бойынша қорытындыларды қарау және дайындау. ЕҚТА мәселелері бойынша
ведомстволық бағынысты ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдарға тәжірибелік
және әдістемелік көмек көрсету. ЕҚТА құру немесе кеңейту үшін жаратылыстануғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу бойынша
жұмыстарды ұйымдастыруға қатысу. Мемлекеттік қорық аймақтарын, зоологиялық
қаумалдарды, зоологиялық парктерді, жануарлар дүниесін сақтау жөніндегі
мемлекеттік табиғи резерваттарды қоспағанда, ЕҚТА мен қорғау аймағын
экологиялық-ағарту және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу
жөніндегі жұмыстарды жүргізу. МТҚҚ-ны ЕҚТА-ға қалпына келтіру бойынша
ұсыныстарды, оның ішінде ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру және енгізу. ЕҚТА-ны материалдық-техникалық
жарақтандыру, ЕҚТА қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оқыту семинарларын
ұйымдастыру және т.б. бойынша жұмыстар жүргізу. Әкімшілік органның жойылып
кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы
Конвенцияның қолданысына жататын өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға,
Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспортқа
рұқсаттар беруін қамтамасыз ету. ЕҚТА саласындағы ғылыми-техникалық кеңес
секциясының жұмыстарын жүргізу. ЕҚТА мәселелеріне қатысты жұмыстар мен
қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлауға және өткізуге қатысу. А Блок.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.08.2024 – 22.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 10 Мб

Сұхбаттасу күні

26.08.2024

Сұхбаттасу орны

Астана ., Мәңгілік Ел 8 к-сі, 15А кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

74-07-10, e-mail: a.zharmukhametova@ecogeo.gov.kz