Орман және ЕТҚА басқармасының бас сарапшысы (С-4 санаты, 1 бірлік) ҚР ОШ ж ЖДК ЭГжТРМ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім), «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білгені, осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалды міндеттер
Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында инспекциялық-бақылау қызметін ұйымдастырады. Орман иеленушілерді, орман пайдаланушыларды, табиғат қорғау мекемелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорының аумағында ормандарды қорғау, күзету, молықтыру мен орман пайдалануды жүзеге асыру жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғаудың, күзетудің және пайдаланудың жай-күйін тексерудің жыл сайынғы жоспарын жасайды. Мемлекеттік орман қорының аумағында орман орналастыру жұмыстары мен орман қорының мемлекеттік есебінің «Қазорманжобалау» РМҚК-мен жасалған шарттарға және орман орналастыру жобаларына авторлық қадағалауға сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Орман шаруашылығы мен ЕҚТА саласында халықаралық ынтымақтастықты, мүдделі министрліктермен, ұйымдармен және ҒӨБ өкілдерімен ынтымақтастықты жүзеге асырады, орман шаруашылығы саласында ғылыми-техникалық кеңес секциясының жұмысын ұйымдастырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 10.08.2020
- город Нур-Султан, улица Мәңгілік ел, дом № 8, 1 подъезд
-
74-99-29