Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басқарма басшысы, C-3 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

422437

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, C-R-1, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биология
  • Экология
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге
асыру, Басқармада жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық және
әдістемелік құжаттарды, жануарлармен жауапты қарым-қатынасты, оның ішінде
аңшылық шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды,
жобаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша Комитеттің ОАИ мен ведомстволық бағынысты ұйымдарын тексеруді
ұйымдастыру және үйлестіру. Аңшылық шаруашылығы саласындағы ғылымитехникалық кеңестің жұмысына жетекшілік ету, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін
молайту және пайдалану саласындағы халықаралық жобалардың жұмысын
үйлестіру және бақылау, аңшылық шаруашылығы саласын жетілдіруге бағытталған
ұсыныстарды енгізу. Цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу бойынша
жұмысты қамтамасыз ету және ұсыныстарды енгізу. Халықаралық келісімдердің,
конвенциялардың, жобалардың, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер
бойынша Комитет басшылығының тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру
және бақылау. Нормаларға сәйкес Комитеттің ОАИ қарудың болуын есепке алуды
және бақылауды ұйымдастыру. Басқарманың жануарлар дүниесін (балықтан және
басқа да су жануарларынан басқа), ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын (қорық
аймақтары, резерваттар) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, жануарларға
жауапты қарау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысын
жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту
және пайдалану, жануарларға жауапты қарау саласындағы мемлекеттік органдардың
қызметін салааралық үйлестіру, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және
пайдалану, жануарларға жауапты қарау саласындағы жергілікті атқарушы
органдардың қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау. Басқарманың
құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ОАИ, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК, «Ырғыз - Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» РМК, «Алтын дала» мемлекеттік табиғи
резерваты» РМК, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РМК, «Ақжайық»
мемлекеттік табиғи резерваты» РМК қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.
Браконьерлік бойынша жедел ақпаратты жинауды және жинақтауды жүзеге асыру.
Өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде БАҚ-пен өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарма атынан
өкілдік ету. А блок.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.06.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.06.2024 – 24.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

01.07.2024

Сұхбаттасу орны

Астана қ., Мәңгілік Ел 8 к-сі, 15 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

 пошта мекенжайы: г. Астана, ул.Мәңгілік Ел 8, 15 подъезд,
анықтама телефоны: 74-07-10, e-mail: klhjm@ecogeo.gov.kz