Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік, «ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Шығыс Қазақстан облысы
126357 - 170599
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
- сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Орман шаруашылығы
- Биология
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Орман қорын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және пайдалану бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады. Орман заңнамасының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қорықтық режимін қорғау саласындағы заңнама талаптарының, жеке және заңды тұлғалардың Балық шаруашылығын жүргізу ережесінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану мен ормандарды қорғау, күзету, өсімін молайту жөніндегі жұмыстарды бақылайды. Мемлекеттік орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда браконьерлікпен күрес бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын бақылайды. Мемлекеттік орман қоры аумағында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу, жобалау-іздестіру жұмыстарының, орман орналастыру жұмыстарының жүргізілуіне жағдай жасайды. Орман қорының мемлекеттік есебін, орман мониторингін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік кадастрдың жүргізілуін бақылайды. Орман шаруашылығын жобалауды жүргізуді қамтамасыз етеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді. Жерді резервке қоюға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимі мен мәртебесін, олардың шекарасын өзгертуге (кеңейтуге) ұсыныстар енгізеді.Нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады. Заңды және жеке тұлғаларға анықталған табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық фактілерін жою бойынша жазбаша нұсқаулар береді. Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктердің қорғалуын бақылауды жүзеге асырады. Тексеріс актілерін, хаттамаларды, дайындайды, қаулы шығарады және жоғарыда аталған құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжат жасаудың мен құжаттаманы басқарудың үлгілік ережелеріне сәйкес құжаттардың сақталуын және ресімделуін және олардың белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Орман шаруашылығы саласындағы облыстық атқару органдарына әдіскерлік және ақыл-кеңестік көмек көрсетеді. Бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының басқа облыстарының жұмыс практикасы мен тәжірибесі негізінде бөлім жұмысын жетілдіреді. Өзіне бағынышты бөлім қызметкерлерінің орындаушылық, еңбек тәртібіне бақылауды жүзеге асырады. Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау бойынша нұсқаулықтарды сақтайды. Қаржылық және құқықтық жұмыс бөліміне бастапқы құжаттарды (сырқаттану парақтары, жол қағаздары, іссапар куәліктері, жұмыс уақытының табелі және бөлімнің өндірістік қызметіне қатысты өзге де құжаттарды уақытында толтырады және тапсырады. Кадрларды есепке алу жөніндегі маманға бөлімнің өзіне бағынышты қызметкерлерінің дербес мәліметтеріндегі өзгерістер туралы хабарлайды. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды қабылдайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Инспекция басшысының тапсырмасымен қолданыстағы заңнама талаптарында көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 23.07.2020
- Өскемен қаласы, Мызы к-сі 2/1 үй
-
8 7172 74-99-29