Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5), 1 бірлік, "Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Солтүстік Қазақстан облысы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Ормандарды өрттерден қорғау бойынша, заңсыз кесулерден, химиялық заттармен ластанулардан және зақымдаулардан, қалдықтардан, лай сулардан және басқа да орманға келтірілетін залал түрлеріне қарсы іс-шаралардың орындалуын тексеруді жүзеге асырады. Орман кесу билеттерін және ағаш билеттерінің дұрыс берілуін тексереді. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнама бұзушылықтарын жою, сондай-ақ шаруашылық қызметті тоқтату туралы ұйғарым береді. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысады.
Орманды жандандыру, орман тұқым жұмыстары, отырғызу материалдарын өсіру, орман шаруашылығы мекемелерінде тұрақты орман тұқымды базаны құру, пайдалану бойынша жоспардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады және осы жұмыстардың сапасын бақылайды. Барлық орман пайдаланушылармен ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалап, мемлекеттік бақылау жүргізеді. Барлық орман пайдалану түрлері бойынша, орман ресурстарын тиімді пайдалануға, орманды түбінен босату және кесу ережелерінің сақталуына, кесу орындарының тазалануын қадағалайды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаштарды белгілеу сапасына, олардың техникалық құжаттардың толтырылуына, орман пайдалануларға рұқсат құжаттарының берілуіне мемлекеттік бақылау жүргізеді.Облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде өтініштерді, сұранымдарды, тапсырмаларды және басқа да хаттарды қарайды және жауап береді.Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерге қатысады. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысады. Құрылымдық бөлімше туралы ережеде және лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 15.07.2020
- «Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ Петропавлов қаласы, К.Сутюшев к-сі 58 үй.
-
8 7172 74-99-29