Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының сарапшысы, C-5 санаты, 1 бірлік, № УБПИБУ-9

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

С-5 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

208 062

Жалпы біліктілік талаптары

С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

ОАИ бойынша Қазынашылық Клиент-2 бағдарламасы бойынша Қазынашылық органдарында шарттарды тіркеуді жүргізу. Клиент-2 Қазынашылық бағдарламасы бойынша Қазынашылық органдарында төлем шоттарын тіркеуді жүргізу. Депозиттік шоттың қозғалысы (банктік қамтамасыз етуді енгізу) және өнім берушілерге уақтылы қайтару бойынша бақылау мен есептілікті жүргізу. Ведомстволық бағынысты ұйымдармен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен ақша қаражатын игеру мәселелері бойынша, Қазынашылық комитетімен жаңадан құрылған жеткізушілерді банк операциялары тізілімінде тіркеу мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу. ОАИ бойынша негізгі құрал-жабдықтар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығару жөніндегі комиссияның қарауы үшін материалдар дайындауды жүргізу. Қаржы құжаттарында (басшылар мен бас бухгалтерге) бірінші және екінші қолтаңбалардың, электрондық цифрлық қолтаңбалардың үлгілерін дайындау. Ведомстволық бағынысты РММ ұсынған кредиторлық және дебиторлық берешек туралы ай сайынғы жиынтық есептерді талдау және жинақтау, Бюджеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаментіне Комитет бойынша берешек пен жетіспеушілік туралы ай сайынғы есепті тапсыру. Игерілу жөніндегі есепті апта сайын, ай сайын ҚР ЭТРМ Бюджеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаментіне жолдау. ОАИ бойынша 001/100-104, 001/138 бағдарламалары/кіші бағдарламалары бойынша ай сайын бюджет қаражатының мониторингі бойынша жиынтық ақпарат дайындау. Клиент-2 Қазынашылық бағдарламасында электрондық цифрлық қолтаңбаны дайындау. Жеке және заңды тұлғаларға РММ көрсететін қызметтердің тарифтері үшін бұйрық жобаларын келісу және бекіту бойынша бақылау жүргізу. ЕҚТА бойынша ақылы қызметтер (арнайы шот) бойынша жылжытулардың ай сайын өткізіліп тұруына бақылау жасау. ЕҚТА бойынша ағымдағы жылға арналған арнайы шот бойынша қаржыландыру жоспарының бекітілуін бақылау. ЕҚТА ағымдағы жылға арналған штат кестесін келісу және бекіту бойынша бақылау жүргізу. ЕҚТА ақылы қызметтер бойынша, Комитеттің бағдарламалары бойынша қаржыландыру жоспарларындағы өзгерістерге (жылжыту) бақылау жүргізу. Жиынтық бюджеттік өтінім жобаларын және бюджеттік бағдарламалар жобаларын қалыптастыруға бақылау жүргізу. ҚР ЭТРМ Бюджеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаментіне жиынтық бюджеттік өтінім жобасын және бюджеттік бағдарламалар жобасын енгізуді қамтамасыз ету. Ведомстволық бағынысты ұйымдармен, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен қаржы мәселелері бойынша хат алмасуды жүргізу (ақылы қызметтер, бюджеттік өтінім). Басқарма Ережесіне сәйкес басшының өзге де тапсырмаларын орындау. (Блок Б, грейд 4)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.10.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2023 – 24.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу күні

01.11.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-10-97