Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 2024 жылғы 18 тамызға дейін), C-5 санаты, 1 бірлік, № УЖМИОХ-7
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы
236 338
Жалпы біліктілік талаптары
С-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Аңшылықтану және аң шаруашылығы
- Орман ресурстары және орман шаруашылығы
- Жаратылыстану ғылымдары: биология
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
Функционалды міндеттер
Жануарлар дүниесін қорғауға, өсімін молайтуға және пайдалануға, Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне, ведомстволық бағынысты ұйымдарына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу. Жануарлар дүниесін мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметіне тәжірибелік көмекті, әдістемелік басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ету. Республикалық және жергілікті маңызы бар қаумалдар аумағында жұмыстар жүргізуді келісуді жүзеге асыру. Қаумал паспорттарының есебін жүргізу. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ қызметіне жетекшілік ету. Кеңестерге, алқаларға материалдарды (баяндамалар, слайдтар, тезистер, хаттамалар) жинақтауды және дайындауды жүзеге асыру. Ғылыми-техникалық кеңесті (ҒТК) өткізуді ұйымдастыру. Браконьерлік жөніндегі Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жедел ақпаратын жинауды және жинақтауды жүзеге асыру. Статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де органдарда Басқарманың мүдделерін білдіру. (Блок А, грейд 5).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.aldazhumanova@ecogeo.gov.kz
- 01.11.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-10-97