Қазақстан Республикасы Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, № УРЛХ-9
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы
268 344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Функционалды міндеттер
Орман пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттарды, оның ішінде орман шаруашылығын дамыту жөніндегі ұлттық және өзге де бағдарламаларды, жобаларды әзірлеуге қатысу. Орман пайдалану мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер, жобалау-сметалық, жобалау, ғылыми, нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамалар бойынша қорытындыларды қарау және дайындау. Орман пайдалану бойынша есептілікті жинауды, жинақтауды және талдауды ұйымдастыру. Орман мекемелері мен облыстардың жергілікті атқарушы органдарына, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларына, табиғат қорғау мекемелеріне орман пайдалану мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету. Комитетке бекітуге ұсынылған басты, аралық пайдалану және өзге де кесу бойынша кесу көлемі, олардың орман орналастыру жобаларына, кесу қағидаларына және санитариялық қағидаларға сәйкестігі бойынша қорытындылар дайындау және ұсыныстар енгізу. Комитеттің функционалдық қарамағындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөніндегі тендерді ұйымдастыру. Қатаң есептілік бланкілері бойынша (ағаш кесу және орман билеттері) дайындауды, есепке алуды, есептілігін қабылдауды және беруді ұйымдастыру. Кеспеағаштарды бөлу және таксациялау қағидаларының, ағаш кесу және сүректі тамырға жіберу қағидаларының сақталуына, сондай-ақ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру. Мемлекеттік орман қоры аумағында дәрілік шөптерді дайындауды келісу бойынша қорытындылар дайындау және ұсыныстар енгізу. «Жабайы тірі жануарларды, жекелеген жабайы өсімдіктер мен жабайы өсетін дәрілік шикізатты экспорттауға лицензиялар беру» мемлекеттік қызметін көрсету. (Блок А, грейд 6).
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
s.aldazhumanova@ecogeo.gov.kz
- 01.11.2023
- Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)
-
8 (7172) 74-10-97