Қазақстан Республикасы Экология жəне табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, C-3 санаты, 1 бірлік, № УБПИБУ-1

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Категория С-3

Орташа лауазымдық айлықақы

357 266

Жалпы біліктілік талаптары

С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-3, D-O-3, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;

4) кеңесші лауазымына және көмекке жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Басқармаға басшылық жасау және Басқарма туралы Ережеде көзделген міндеттерді орындау үшін жауапты болу. Басқарма қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындауды қамтамасыз ету. Комитеттің Басқармаларымен бірлесіп ведомстволық бағынысты ұйымдардың экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық болжамдарын, олардың қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды дайындауға, сондай-ақ бюджетті қалыптастыру, нақтылау және орындау, мекемелерді қаржыландыру жоспарларын және кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін қалыптастыру, оларды ҚР ЭТРМ-де, бюджеттік жоспарлау және атқару жөніндегі уәкілетті органдарда келісуді қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдау. Осы мәселелер бойынша Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне тәжірибелік көмекті, әдістемелік басшылықты және үйлестіруді қамтамасыз ету. Қаржылық құжаттардың сақталуына, оларды ресімдеуге және белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруды бақылауды қамтамасыз ету. Электрондық түрде деректердің сақталуына бақылау жүргізу. Бірінші және екінші болып қол қою (басшыға, бас бухгалтерге және олардың орынбасарларына), электрондық цифрлық қолтаңбалардың үлгілерін қамтамасыз етуге бақылау жүргізу. Клиент-2 қазынашылық бағдарламасында, мемлекеттік сатып алу порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануды қамтамасыз ету. (Блок В, грейд 8).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.10.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.10.2023 – 18.10.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Mb

Сұхбаттасу күні

24.10.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-10-97