Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі жөніндегі демалыс кезеңіне 2025 жылғы 30 қарашаға дейін), C-O-4 санаты, 1 бірлік, № ОЖМИОХ-1, негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Аймақ

Қарағанды облысы

Санат

С-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;

3) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Орман ресурстары және орман шаруашылығы

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау. Аңшылық шаруашылығын жүргізу, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету және ұйымдастыру (аңшылық шаруашылықтарының шекаралары мен санаттарын айқындау бөлігінде шаруашылықаралық аңшылық шаруашылығын жүргізуге бақылауды жүзеге асыру, олардың алаңын есептеу), жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету, жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастрын және мониторингін жүргізу. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою туралы, жануарлар дүниесі объектілерін пайдалануға шектеулер жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу. Мәжбүрлі өндіріске материалдар дайындау. Браконьерлікпен күрес бойынша жедел іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Жануарларды еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда ұстау тәртібін, сондай-ақ зоологиялық коллекциялардың сақталуын, уәкілетті орган белгілеген жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау, будандастыру және жерсіндіру тәртібінің сақталуына, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтердің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының өзге де талаптарын сақтау, сондай-ақ құрылымдық бөлімше туралы ережеде және лауазымдық нұсқаулықта көзделген өзге де міндеттерді орындау. (Блок А, грейд 6).

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.09.2023

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.09.2023 – 25.09.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу күні

29.09.2023

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 15 кіреберіс (қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары (ZOOM) арқылы өткізілуі мүмкін)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 74-10-97