ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Кадр және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

Функционалды міндеттер

Басқармаға басшылық етеді және Басқарма туралы ережеде қарастырылған міндеттердің орындалуына жауапты. Басқарма қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін анықтау. Өзінің құзыреті шегінде ҚР заңнамаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Комитеттің кадр саясатын және кадр стратегиясын жүргізу. Комитеттің құқықтық және кадрлық мәселелері, іс жүргізу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысына бақылауды қамтамасыз етеді. Комитеттің құқықтық және кадр мәселелері бойынша әдістемелік басшылық етеді және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін үйлестіреді, практикалық көмек көрсетеді. Комитет басшылығының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Жарияланған күні: 12.06.2020

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2020 – 17.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу күні

    19.06.2020

    Сұхбаттасу орны

    Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел к-сі, № 8 үй, 1 подъезд, 416 каб.

    Анықтама алу үшін байланыс

    8 7172 74-99-29