ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқарма басшысы

Мемлекеттік орган

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Биология
  • Құқықтану
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Аңшылықтану және аң шаруашылығы
  • Жаратылыстану ғылымдары: биология
  • Жаратылыстану ғылымдары: экологий

Функционалды міндеттер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы (қорықтық өңірлер, қаумалдар) аңшылық шаруашылықты дамыту, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді. Жануарлар дүниесінің ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Басқарма жұмыстарын, олардың орындалуына бақылау жасауды және нормативтік құқықтық актілерді дайындауды жоспарлайды. Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға тексеру ұйымдастырады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Халықаралық Келісімдерді, Конвенцияларды, жобаларды, сондай-ақ Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша Комитет басшылығының тапсырмасын орындауды ұйымдастырады және бақылау жасайды. Басқарма құзыретіне енетін мәселелер бойынша Комитеттің құрылымдық ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, облыстық аумақтық инспекцияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың өкілі болады. Заңнамаға сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.06.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.06.2020 – 17.06.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

19.06.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел к-сі, № 8 үй, 1 подъезд, 416 каб.

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172 74-99-29