Таутекелердің фототұзаққа түскен қызықты сәттері
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында орнатылған фототұзақ таутекелердің табиғи ортадағы қызықты сәттерін тіркеді.
Бірі қоректеніп жүрсе, енді бірі өзара ойнап, еркін қозғалып жүр. Адам көзіне жиі түсе бермейтін жабайы жануарлардың тіршілігін осындай кадрлар арқылы жақынырақ тануға болады.
Табиғаттың біз байқамайтын қаншама қызықты сәті бар десеңізші.