Ақжайық аспанында айбынды жыртқыш қалықтады

Жарияланған күні: 04 қараша 2026

Мына көрініске көз тоймайды!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аспанында қанатын кең жайып, еркін қалықтаған аққұйрықты су бүркіті бейнежазбаға түсті!

Қанатының кеңдігімен, айбынды келбетімен ерекшеленетін бұл құс – еліміздегі ең ірі жыртқыш құстардың бірі.

Аспанда қанатын сирек қағып, ауа ағынымен қалықтаған сәтін тамашалаудың өзі бір ғанибет!

Жабайы табиғаттың сұлулығы осындай сәттерде ерекше сезіледі!

Ал сіз аққұйрықты су бүркітін табиғатта кездестірдіңіз бе?