Халықаралық жануарларды қорғау күні!

Жарияланған күні: 04 қазан 2025

Бүгін – 4 қазан, Халықаралық жануарларды қорғау күні! Бұл күн – адам мен жануар арасындағы үйлесімді қарым-қатынастың маңызын еске салып, жабайы табиғатты сақтау жолындағы ортақ жауапкершілігімізді терең түсінуге шақыратын маңызды күн.

Қазақстан аумағында ұсақ жәндіктерден бастап ірі сүтқоректілерге дейінгі алуан түрлі жануарлар мекендейді. Олардың көпшілігі мемлекет қорғауына алынып, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген.

Биоалуантүрлілік пен жабайы табиғатты қорғау саласындағы инспекторлардың жүйелі жұмысының нәтижесінде тоғай кермаралы, құлан, арқар және қарақұйрық сияқты сирек кездесетін жануарлар түрлерінің саны артып келеді.

Жануарлар дүниесін сақтау – Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің негізгі басымдықтарының бірі.

Қазақстанның кең даласында мекендейтін жануарлар әлемі – баршамыздың ортақ байлығымыз. Оларсыз орман үнсіз, дала бос қалады. Бүгінгі күннің маңыздылығы да осында жатыр: ол әрқайсымызға жануарлар әлеміне деген жауапкершілігімізді еске салады.