«Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде маңызды жоба іске асты

Дата публикации: 29 сентября 2025

2025 жылғы 26 қыркүйекте Шарын шатқалында су құбырының нысаны іске қосылды.

Су құбыры «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС-нің бірлескен жобасы. 2024 жылы Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Жетісу Вольфрамы» ЖШС арасында 2024-2046 жылдарға арналып бірлескен іс-шаралар туралы жол картасы бекітілген.

Аталмыш жоба аясындағы бірлескен қызметтің нәтижесіне бүгінде «Шарын шатқалы – Қамалдар аңғары» туристік бағытына тартылған 20 шақырымдық су құбырының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар ұлттық парк аумағындағы жабайы жануарларды суаттармен қамтамасыз ету мақсатында 5 шақырым аумаққа су құбыры тартылды.