Фототұзақ объективіне іліккен сирек жануарлар – ғылыми мониторинг нәтижесі

Жарияланған күні: 25 қыркүйек 2025

Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) – жыртқыштар отрядына жататын, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген сирек түр.

 Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бұл жануарлар таудың қылқанжапырақты және жапырақты ормандарында, субальпі және альпі белдеулерінде, сондай-ақ құздар мен тасты аймақтарда мекендейді.

 Соңғы деректерге сәйкес, ұлттық паркте 82 дарағы тіркелген.

 Қараша айының басында Тянь-Шань қоңыр аюлары қыстық ұйқыға кетеді.

Бұл ерекше жануар – экожүйенің маңызды бөлігі. Оларды сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.