KT&G мен "Семей орманы" арасындағы ынтымақтастық
Оңтүстік Кореялық KT&G корпорациясының өкілдері "Өрттен зардап шеккен аумақтарды қалпына келтіру" жобасын жүзеге асыру мақсатында "Семей орманы" МОТР" РММ-ге жұмыс сапарымен келді. Бұл сапардың негізгі мақсаты – өрттен зардап шеккен орман алқаптарын қалпына келтіру және экологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы ынтымақтастықты нығайту.
Корпорация өкілдері орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп, зардап шеккен аумақтарға қарағай ағаштарын отырғызды. Бұл шара табиғатты қалпына келтіру және орманның экологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, KT&G компаниясының мамандары орманды қорғау және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Жұмыс сапары барысында тараптар орман шаруашылығын дамыту, жаңартылатын орман қорларын көбейту және өрт қауіпсіздігін арттыру мәселелерін талқылады. Бұл ынтымақтастық болашақта да жалғасын тауып, экологиялық жобаларды кеңейтуге бағытталған.