Қатонқарағай ұлттық паркінде қар барысын фототұзаққа түсірді
Катонқарағай ұлттық паркінің Аршаты орманшылығында фототұзаққа ерекше сәт түсіп қалды – қар барысы камераға қызығушылық танытқан! Бірақ ол жай ғана жанынан өте салмай, түсірілімге өз «түзетулерін» енгізбек болғандай.
Кадрларда барыстың камераны мұқият зерттеп тұрғаны анық көрінеді! Бір сәтте ол сақтықпен жақындап, аяғымен түртіп қалады. Мүмкін, ракурс ұнамаған болар? Әлде суретке «дұрыс» түсу үшін кадрды өзі реттемек болды ма?
Қалай десек те, техника шыдады, ал бізге табиғаттың осы ғажайып жыртқышының сирек кездесетін, ерекше кадрлары бұйырды.