Қар барысы қайтадан фототұзаққа түсті, бұл жолы Алматы облысында
Жыртқыштар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалды.
Қар барысы — ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың "қар барысы" деп аталуы бекер емес: ол таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі. Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.