Тарбагатай МҰТП-де тас сусары фототұзақта бой көрсетті.

Жарияланған күні: 01 қазан 2024

Тас сусары— сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі (Mustelidae). Сусарлар өздеріне тастар және жартастар астында, құлаған ағаштардың астында, ағаштардың тамырларының арасына ін жасайды . Олардың негізгі қорегі — тышқан тәрізді кеміргіштер. Бұл түр негізінен түнгі өмір салтын ұстанады, күндіз сирек кездеседі. Қыста оның белсенділігі қар жауған кезде және қатты аязда айтарлықтай төмендейді.
Тас сусары Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) енгізілген.