Фото тұзақтағы сирек қонақ

Жарияланған күні: 07 тамыз 2024

“Сайрам-Өгем” МҰТП фототұзағында Қызыл кітапқа енгізілген қара Лейлек тіркелді!  Бұл сирек кездесетін түр біздің жабайы табиғатты қорғау жұмысымыздың маңыздылығын көрсетеді. Қазақстанда қара Лейлек “Баянауыл”,” Тарбағатай”, “Көлсай көлдері”, Қарқаралы Іле-Алатауы, Катонқарағай, Жоңғар-Алатауы, Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде және Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл мемлекеттік ұлттық табиғи қорықтарында кездеседі. Бұл аумақтар осы сирек кездесетін түр үшін Тұрақты орта құруда шешуші рөл атқарады.