ЭТРМ мен ТЖМ бірлескен бұйрығының 3-тармағына сәйкес «Мемлекеттік орман күзеті, орман өрт станциясы қызметкерлерін және табиғат қорғау және орман мекемелері басшыларын» оқыту жүргізілуде.
Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 6 оқу орталығында (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Көкшетау, Өскемен) М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қоры аумағында жұмысшыларды өрттердің алдын алу, анықтау және сөндіру дағдыларына үйрету мақсатында оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында (өрт қаупі бар маусымнан тыс) мемлекеттік орман күзетінің 1298 қызметкерін оқыту қарастырған.
Оқыту өткізілуін облыстық аумақтық инспекциясының және «Қазавиаорманқорғау» тәжірибелі дәріскерлері, сондай-ақ Академияның оқу орталықтарының оқытушылары жүзеге асыруда.
Қорытынды бақылауды сәтті тапсырған барлық тыңдаушыларға Академияның ресми интернет-ресурсында орналастырылған сертификаттар берілді.