Итбалықтарды зерттеу және оңалту орталықтарына ауру және жаралы итбалықтарды жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша жиналыс

Итбалықтарды зерттеу және оңалту орталықтарына ауру және жаралы итбалықтарды жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша жиналыс

Ақтау қаласында 2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Е.Н. Нысанбаевтың төрағалығымен Итбалықтарды зерттеу және оңалту орталықтарына ауру және жаралы итбалықтарды жеткізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақов, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Балық ресурстарының өсімін молайту және акваөсіру басқармасы басшысының м.а. А.Б. Жұбаев, «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты» ЖШС-нің бас директоры Ә.Д. Товасаров, Атырау, Маңғыстау облыстары бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшылары, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, экология департаментінің, Маңыстау облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау аумақытық инспекциясының, Атырау және Маңғыстау облысының полиция департаменттерінің, Гидробиология және экология институтының, сондай-ақ Маңғыстау облысының балық шаруашылығы субъектілері мен жер қойнауын пайдаланушылары қатысты.

 Жиналыс барысында қатысушылар Итбалықтарды зерттеу және оңалту орталығымен танысты, ауру және жаралы итбалықтарды кедергісіз тасымалдау бөлігінде қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар енгізу, итбалықтарды анықтау кезінде уақытша хабардар ету сызбасын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша Жаралы итбалықтарды анықтау кезінде мүдделі органдардың өзара хабардар ету және әрекеттесу уақытша сызбасын пысықтау, ауру және жаралы итбалықтарды кедергісіз тасымалдау бөлігінде қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар беру туралы шешім қабылданды.

Оқиға күні

25 желтоқсан 2019

Өткізу орны

Ақтау

Оқиға түрі

Кеңес

Кіру

Тегін